Шабуылшы Дмитрий Михайлов өскемендік «Торпедо» сапына қосылды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Shaiba.kz сайтына сілтеме жасап.

Өткен маусымда Магнитогорсктің 28 жастағы түлегі қарағандылық «Сарыарқа» сапында өнер көрсеткен. Ол Қазақстан тұрақты чемпионатында 46 кездесу өткізіп, 49 (21+28) ұпай жинаған.

Айта кетейік, Дмитрий Михайлов магнитогорскілік «Стальные Лисы» құрамында ЖХЛ-дің күміс және қола жүлдегері. Сондай-ақ ол Ресей жасөспірімдер құрамасының сапында 2011 жылғы әлем чемпионатының және 2013 жылы қысқы Универсиаданың қола жүлдегері атанған болатын.