Шабуылшы Иван Фищенко «Арлан» ХК екі маусымға келісімшарт жасасты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі көкшетаулық клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

27 жастағы хоккейші осы маусымды «Буран» клубында бастап, 18 кездесуде 7 (2+5) ұпай жинады. Фищенконың ҚХЛ-да ойнау тәжірибесі бар, онда ол «Авангард» пен «Адмирал» сапында өнер көрсетті. Ол лигада 147 кездесу өткізіп, 19 (8+11) ұпай жинаған.

Сондай-ақ шабуылшы «Сарыарқа» сапында 2015-2016, 2016-2017 және 2018-2019 маусымдарында өнер көрсеткен болатын.