«Қайсардың» 38 жастағы жартылай қорғаушысы Мақсат Байжанов масабын аяқтап, клубтың спорттық директоры қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы қызылордалық клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Мақсат Байжанов Қызылорда футболының түлегі. Мансабында «Ертіс», «Ақтөбе», «Атырау», «Шахтер», «Жетісу» және «Локомотив» командаларында өнер көрсеткен.