Премьер-лигаға жолдама жеңіп алған «Қайсар» футбол клубы Виктор Кумыковтың бас бапкер болып тағайындалғанын ресми хабарлады, деп жазады Prosports.kz.

2011-2014 жылдар аралығында Кумыков Қарағандының «Шахтерін» баптады. Оның жетекшілігімен «Шахтер» Қазақстан футболының тарихында Еуропа лигасының топтық кезеңіне өткен алғашқы клуб болды.

Сондай-ақ ресейлік маман үш мәрте Қазақстанның «Жыл бапкері» деп танылды.