Колумбия астанасы Боготада өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Алексей Чуркин Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы медальді салды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ол 73 келі салмақта 343 (150+190) келіні көтеріп, қола жүлдегер атанды. Алтын және күміс медаль Индонезия өкілдері Фрахмат Абдулла – 352 келі (152+200) мен Ризки Джуниясьяға – 347 келі (155+192) бұйырды.