Бүгін Боготада (Колумбия) ауыр атлетикадан әлем чемпионаты басталады. Жарысқа 93 елден 537 спортшы (270 әйел және 267 ер) қатысады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл турнирге Қазақстан атынан 13 спортшы қатысады.

Қыздар: Арай Нұрлыбекова (76 келі), Айша Омарова (81 келі), Айым Есжанова (87 келі), Любовь Ковальчук (+87 келі).

Ерлер: Арли Чонтей (55 келі), Анатолий Савельев (67 келі), Алексей Чуркин (73 келі), Еламан Сейітқазы (81 келі), Асылжан Бектай (89 келі), Денис Уланов (89 келі), Алишел Сейітқазы (96 келі) , Нұрғиза Әділетұлы (96 келі), Артем Антропов (102 келі).