Бахрейнде ауыр атлетикадан Азия чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Ауыр атлетикадан Қазақстан ерлер құрамасы Бахрейндегі Азия чемпионатында жалпыкомандалық бірінші орынды жеңіп алды!

Әйелдер командасы үшінші орынға ие болды!

Ал Зульфия Чиншанло Азия чемпионатының үздік спортшысы деп танылды», — деп жазды федерацияның баспасөз қызметі.