«Реалдың» жартылай қорғаушысы Эден Азар Бельгия құрамасындағы карьерасын аяқтады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Матч ТВ сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы ұлттық құраманың баспасөз қызметі әлеуметтік желіде хабарлады.

Азар үшін Бельгия құрамасындағы соңғы турнир Катардағы әлем чемпионаты болды, онда бельгиялықтар F тобынан шыға алмады. Команда Канаданы жеңіп (1:0), Мароккодан жеңілді (0:2) және Хорватиямен (0:0)тең түсті. 31 жастағы Азар турнирде 3 кездесу өткізіп, нәтижелі әрекеттерімен көзге түспеді.

Азар ұлттық құрамада 2008 жылдан бері ойнап, 2018 жылы Ресейде өткен әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды.

Фото: BSR Agency / Contributor / Getty Images Sport / Gettyimages.ru