Ташкентте семсерлесуден жасөспірімдер арасында екі түрі – ерлер арасындағы шпапа және әйелдер арасындағы рапира бойынша әлем чемпионаты өтуде. Жарыс басында қазақстандық Богдан Лукин тұғырдың ең биік сатысына көтеріліп, қылышпен семсерлесуден жекелей чемпионаттың алтын медалін жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жартылай финалда қазақстандық семсерлесуші Мысыр өкілі Юсуф Шамелден 15:7 есебімен басым түсіп, «алтын» үшін шешуші кездесуде турнир қожайыны өзбекстандық Мейірхан Тимуровпен кездесіп, 15:12 есебімен жеңіске жетті.