Таэквондодан Қазақстан командасы Париждегі French Open рейтингтік турнирінде екі медальмен марапатталды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Біздің спортшылар тұғырдың үшінші сатысына екі рет көтерілді.

«Қола» жүлдені Әзірет Дүйсенбек (54 келіге дейін) және Аманжол Бегімбетов (58 келіге дейін) жеңіп алды.