Футболдан әлем чемпионатында Жапония құрамасы топтық кезеңде Испанияны жеңіп, плей-оффқа жолдама алды.

Opta Sports басылымының мәліметінше, бұл матчта Жапония құрамасы жеңіске жеткеніне қарамастан ойын уақытының тек 18%-де допқа иелік еткен. Бұл әлем чемпионатында матчта жеңіске жеткен команда үшін ең төменгі көрсеткіш.