Футболдан Бельгия құрамасының бас бапкері Роберто Мартинес қызметінен кетті. Бұл шешімге құраманың Қатарда өтіп жатқан әлем чемпионатында плей-офф сатысынан тыс қалғанынан кейін келді.

F тобында сынға түскен Бельгия топтық кезеңде Канаданы 1:0 есебімен жеңіп, одан кейін Мароккоға 0:2 есебімен жеңіліп қалды. Ал Хорватиямен кездесуде 0:0 есебіне қанағат білдірді.

Нәтижесінде небәрі төрт ұпай алған олар өз тобында үшінші орынды місе тұтты. Бұл топтан Марокко және Хорватия 1/8 финалға жолдама алды.

Роберто Мартинес ұлттық құрама тізгінін 2016 жылы ұстады. 2018 жылы оның басшылығымен бельгиялық футболшылар қола жүлдегер атанды.