Иранда полиция ұлттық құраманың әлем чемпионатынан шығып қалғанын тойлатқан жанкүйерді атып тастады, деп хабарлайды Prosports.kz.

29 қараша күні футболдан әлем чемпионатында Иран құрамасы АҚШ-тан 1:0 есебімен жеңілген.

Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, 27 жастағы Мехран Самак Иран жеңілген сәтте көлігінде сигнал басқан кезде полицейлер оқ жаудырған.