Қатарда өтіп жатқан әлем чемпионатында Аргентина құрамасының шабуылшысы әрі капитаны Лионель Месси атақты отандасы Диего Марадонаның рекордын жаңартты.

С тобында Польшамен кездесуге Месси өз командасын бастап шықты. Сөйтіп ол Аргентина құрамасы сапында әлем чемпионаттарындағы 22-інші матчын өткізді.

Бұған дейінгі рекорд Марадонаға тиесілі болатын. Ол ұлттық құрама сапында дүниежүзілік біріншілікте 21 ойын өткізген еді.