«Пари Сен-Жермен» шабуылшысы Лионель Месси Аргентина құрамасы сапында әлем чемпионаты топтық кезеңінің үшінші турындағы Польшаға қарсы матчқа қатысты, деп жазады Prosports.kz.

Бұл Мессидің әлем чемпионатындағы 22-кездесуі болатын.

Осылайша ол Аргентина құрамасы сапында әлем чемпионаты ойындарына қатысу саны бойынша рекорд жаңартты. Бұған дейін рекорд атақты Диего Марадонаға тиесі еді, ол әлем чемпионатында 21 кездесуге қатысқан.