Бүгін футболдан әлем чемпионатының E және F тобында соңғы тур ойындары өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

F тобында тек Канада ғана плей-оффқа шығу мүмкіндігінен айырылды. Хорватия мен Мароккоға соңғы турда тең ойын да жеткілікті, бірақ Бельгия жеңіске жетуге тырысады.

Е квартетіндегі төрт команданың да 1/8 финалға жолдама алуға мүмкіндігі бар. Бірақ Испания тең ойнаса да жетеді, ал Германия, Коста-Рика және Жапонияға жеңіс керек.

Қазақстанда ойын күніндегі төрт матчты Qazsport және Qazaqstan телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.

21:00. F тобы. Канада – Марокко (Qazsport)21:00. F тобы. Хорватия – Бельгия (Qazaqstan)01:00. E тобы. Коста-Рика – Германия (Qazsport)01:00. E тобы. Жапония – Испания (Qazaqstan).