Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе әлем чемпионаты топтық кезеңінің 3-турындағы Тунисқа қарсы матчқа қатыспауы мүмкін, деп хабарлайтемы Prosports.kz тілшісі «Чемпионатқа» сілтеме жасап.

Шабуылшының кеше, 29 қарашада өткен жаттығу жиынында тобығының жарақаты асқынған. Франция құрамасының бас бапкері Дидье Дешам турнирдің 1/8 дейін толық сауығып кетуі үшін Мбаппеге демалыс беруі мүмкін.

Еске салайық, Франция құрамасы әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне мерзімінен бұрын жолдама алған болатын.

Топтық кезеңнің 3-турындағы Тунис - Франция матчы бүгін, 30 қарашада өтеді.