Мбаппе Тунисқа қарсы матчқа қатыспауы мүмкін
![Мбаппе Тунисқа қарсы матчқа қатыспауы мүмкін](https://prosports.kz/upload/news/content//202211/472_ba9d22fe0eebe179b326cb4122eb1450.jpg?v=28645767)
Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе әлем чемпионаты топтық кезеңінің 3-турындағы Тунисқа қарсы матчқа қатыспауы мүмкін, деп хабарлайтемы Prosports.kz тілшісі «Чемпионатқа» сілтеме жасап.
Шабуылшының кеше, 29 қарашада өткен жаттығу жиынында тобығының жарақаты асқынған. Франция құрамасының бас бапкері Дидье Дешам турнирдің 1/8 дейін толық сауығып кетуі үшін Мбаппеге демалыс беруі мүмкін.
Еске салайық, Франция құрамасы әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне мерзімінен бұрын жолдама алған болатын.
Топтық кезеңнің 3-турындағы Тунис - Франция матчы бүгін, 30 қарашада өтеді.