2022 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңінің 2-турындағы ойында Португалия құрамасы Уругвай құрамасымен кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Лусаил Айконик» стадионында өткен кездесу 2:0 есебімен Португалия құрамасының пайдасына аяқталды. Кездесудің үздік ойыншысы болып екі гол соққан португалиялық жартылай қорғаушы Бруно Фернандеш атанды.