Африкалық құрамалар Катардағы әлем чемпионатында ерекше рекорд орнатты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі.

Алғаш рет Африканың бес командасын да, дәлірек айтқанда Тунис, Гана, Камерун, Сенегал мен Марокконы жергілікті мамандар жаттықтырады. Бұл әлем чемпионаты тарихында алғаш рет болып отыр.

Айта кетейік, африкалық құрамалардың әлем чемпионатында ең үздік нәтижесі ширек финалға жетуі саналады. Гана 2010, Камерун 1990, Сенегал 2002 жылы ширек финалда ойнады.