Қазақстандық шабуылшы Алексей Щеткин өнер көрсететін краснодарлық «Кубань» өз алаңында ульяновскілік «Волганы» жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ресей Ұлттық футбол лигасының 20-турындағы ойын 1:0 есебімен аяқталды. Жалғыз голы 56-минутта Нури Абдоков соқты.
Щеткин негізгі құрамда шығып, ойынды толық өткізді.
20 турдан кейін «Кубань» 19 ұпаймен 15-орында келе жатыр.
Комментарии