Prosports.kz сайтының Қазақстандағы эксклюзив серіктесі, беделді Transfermarkt.ru порталы ҚПЛ-да ойнайтын ойыншылар туралы деректерді жаңартты.

ҚПЛ маусымы аяқталғаннан кейін Transfermarkt мамандары «Астана» сапындағы Педро Эуженионы ең қымбаттаған ойыншы деп санады. Португалиялық өз құнына 300 мың еуро қосып, қазір 900 мың еуроға бағаланып отыр.

Бұл тізімде Қазақстан құрамасына шақырылып жүрген Эльхан Астанов, Абылайхан Жұмабек және Данил Устименко сияқты жас қазақстандық ойыншылар да бар.