Бразилиялық шабуылшы Неймар Катарда өтіп жатқан әлем чемпионатының топтық кезеңінің қалған матчтарына қатыса алмайды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Журналист Дани Гилдің айтуынша, шабуылшы 2022 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңінің 2-турында Швейцариямен өтетін ойынға қатыспауы мүмкін.
Айта кетейік, Бразилия құрамасының бапкері Тите де Камерунмен топтық кезеңдегі соңғы ойында Неймарды алаңға шығармайды.
30 жастағы футболшы 2022 жылғы әлем чемпионатының плей-офф кезеңі үшін жарақатынан айығады деп жоспарлануда.
Неймар Сербияға қарсы ойында (2:0) жарақат алған болатын.
Комментарии