Португалия құрамасының капитаны Криштиану Роналду бесінші әлем чемпионатында гол соғып, әлемдік рекорд орнатты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Футболшы Катарда өтіп жатқан әлем чемпионаты топтық кезеңінің бірінші турында Гана құрамасының қақпасына 65-минутта гол соқты.

Бұған дейін Роналду 2006, 2010, 2014 және 2018 жылдардағы әлем чемпионаттарында гол соққан болатын.