«Ливерпуль», «Эвертон» және «Ипсвич» клубтарының бұрынғы шабуылшысы Дэвид Джонсон 71 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі «СЭ» сайтына сілтеме жасап.

Джонсон - бес дүркін Англия чемпионы, үш дүркін Чемпиондар лигасы кубогының иегері және екі дүркін Футбол лигасы кубогының иегері.

Ол карьерасында 321 матч өткізіп, 102 гол соғып, 9 нәтижелі пас берген. Англия құрамасында 8 матчқа қатысып, 6 гол соққан. Джонсон 1980 жылғы Еуропа чемпионатына қатысты.