Маусымның қорытындысы бойынша WTA (Әйелдер теннис қауымдастығы) жүлделеріне үміткерлер белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жыл ойыншысы» номинациясында – Қазақстан құрамасының көшбасшысы, Уимблдон-2022 чемпионы Елена Рыбакина.

Сондай-ақ жүлдеге үміткерлер:

Әлемнің бірінші ракеткасы, «Ролан Гаррос», US Open және маусымның тағы алты турнирінің чемпионы Ига Швентек;

Әлемнің екінші ракеткасы, US Open финалисі, Мадрид пен Берлиндегі турнирлердің чемпионы Онс Жабер;

Әлемнің жетінші ракеткасы, «Ролан Гаррос» финалисі Кори Гауфф;

Әлемнің үшінші ракеткасы және Гвадалахарадағы турнирдің чемпионы Джессика Пегула.