Қазақстанның бірінші ракеткасы «Жыл ойыншысы» атағына үміткер
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызМаусымның қорытындысы бойынша WTA (Әйелдер теннис қауымдастығы) жүлделеріне үміткерлер белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Жыл ойыншысы» номинациясында – Қазақстан құрамасының көшбасшысы, Уимблдон-2022 чемпионы Елена Рыбакина.
Сондай-ақ жүлдеге үміткерлер:
Әлемнің бірінші ракеткасы, «Ролан Гаррос», US Open және маусымның тағы алты турнирінің чемпионы Ига Швентек;
Әлемнің екінші ракеткасы, US Open финалисі, Мадрид пен Берлиндегі турнирлердің чемпионы Онс Жабер;
Әлемнің жетінші ракеткасы, «Ролан Гаррос» финалисі Кори Гауфф;
Әлемнің үшінші ракеткасы және Гвадалахарадағы турнирдің чемпионы Джессика Пегула.
Фото: WTA