OCTAGON 37 шарасы аясында жеңіл салмақтағы қазақстандық Бақдәулет «Доит» Әмірбек (4-0) 18 жастағы Зухриддин Бойдадаевпен (3-1) кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бойдадаев салмақ дәрежесінен асып кеткені үшін сары қағаз алып торға кірді.

Тартысты өткен жекпе-жекте төрешілер қазақстандық файтердің пайдасына шешім шығарды.

Еске салайық, жекпе-жек кешінің негізгі кездесуінде ауыр салмақтағы қырғызстандық «Хулк» Исламбек Бақтыбек ұлы (6-2) мен ресейлік Владимир Рудак (3-1) кездеседі.