Алматыдағы OCTAGON 37 ивенті аясында өзбек файтері, бұған дейін Еркебұлан Тоқтарды жеңген Абдулазиз Сотволдиев (2-3) аралық салмақта қазақстандық Бауыржан Қалмырзаевпен (2-0) кездесті, деп хабарлайдыProsports.kz.

Әлі жеңіліп көрмеген Қалмырзаев қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді.

Айта кетейік, O37 турнирінің басты жекпе-жегінде Владимир Рудак (3-1) қырғызстандық «Халк» Исламбек Бактыбек уулумен (6-2) кездеседі.

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі.

OCTAGON лигасының ресми серіктесі - Parmigiano Group компаниялар тобы.

Турнирдің ресми серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы.