2024 жылғы жазғы Олимпиада ойындарының тұмары таныстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.
Жазғы Олимпиаданың ұйымдастыру комитеті алдағы Париж ойындарының ресми тұмарларын таныстырды.
Олимпиада тұмарлары – фригия қалпақтары, оларға Фриги атауы берілді.
Фригия қалпағы – 1978 жылғы Ұлы Франция революциясының символына айналған көне бас киім.Тұмар ретінде жасалған 2 фриги калпағына да «әйел жынысты» бейне берілген.
Олимпиаданың тұмары кроссовка киген, ал Паралимпиада тұмарының бір аяғы – протез. Көздерінің ұшында Франция Туы түріндегі кірпіктері бар. Екі қалпақтың да түсі – қызыл.Бұған дейін Франция ойындарды 1992 жылы өткізген еді. Ондағы ойындардың тұмары Maджик гномы болған.
Комментарии