Батут гимнастикасынан Қазақстан командасы Софияда (Болгария) өтетін әлем чемпионатына қатысады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Әлемдік біріншілікте бес спортшы ел атынан өнер көрсетеді.

Синхронды және жеке секірулерде Пирмаммад Әлиев, Даниил Мусабаев, Роман Барков және Ерлан Тасмағамбетов өнер көрсетеді.

Игорь Грачев қос мини-трампта медальдар үшін күреседі.