16 қарашада Ташкентте өтетін Өзбекстан мен Қазақстан құрамалары арасындағы жолдастық кездесуге 30 000 жанкүйер келеді деп жоспарлануда, деп хабарлайды Prosports.kz Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл аудитория көлемін Өзбекстан футбол қауымдастығы (FAA) болжайды. Сондай-ақ, матчқа қазақстандық жанкүйерлер – екі мыңға жуық адам қатысады.

«Пахтакор» стадионының жалпы сыйымдылығы 35 мың көрерменді құрайды.

Өзбекстан-Қазақстан кездесуі Астана уақытымен сағат 19:00-де басталады.