Сәрсенбі, 16 қараша күні Ташкентте Өзбекстан мен Қазақстан құрамалары арасында жолдастық кездесу өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Өзбекстан-Қазақстан матчының тікелей трансляциясы Астана уақытымен сағат 19:00-де басталып, Qazsport телеарнасынан көруге болады.

Айта кетейік, кеше Қазақстан және Өзбекстан құрамаларының бапкерлері матч алдында пікір білдірген еді.