Marca басылымының хабарлауынша, 2022 жылғы футболдан әлем чемпионатына қатысатын командалар ФИФА-дан рекордтық деңгейде ақшалай сыйақы алады, деп хабарлайды Prosports.kz.

20 қарашада Катарда басталатын турнирдің жеңімпазы 42 млн доллар табыс табады. Бұл футболдан әлем чемпионаты тарихындағы ең мол сыйақы. 2018 жылы Ресейде өткен әлем чемпионатында жеңіске жеткен Франция құрамасы 38 млн доллар алған болатын.

2022 жылғы әлем чемпионатының жүлдесі мынадай болады:

Әлем чемпионатының жеңімпазы: 42 млн доллар2-орын: 30 млн доллар3-орын: 27 млн доллар4-орын: 25 млн доллар5-8 орын: әр командаға 17 млн доллар (жалпы 68 млн доллар)9-16 орын: әр командаға 13 млн доллар (жалпы 104 млн доллар)17-32 орын: әр командаға 9 млн доллар (жалпы 144 млн доллар).