«Манчестер Сити» мен Норвегия құрамасының шабуылшысы Эрлинг Холанд Катарда өтетін 2022 жылғы әлем чемпионатының негізгі фавориттерін атады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ғаламшар чемпионаты 20 қараша мен 18 желтоқсан аралығында өтеді. Әлем чемпионатының қазіргі иегері – Франция құрамасы.

«Менің ойымша, фавориттер Бразилия, Аргентина, Франция және мүмкін Англия болуы керек. Мен бір команданы атай алмаймын, өйткені жақсы командалар көп. Мен осы төртеуін атаймын», - деп келтіреді Daily Mail Голландия шабуылшының сөзін.

Айта кетейік, Норвегия құрамасы 2022 жылғы әлем чемпионатының финалдық кезеңіне өте алмады.