Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы Фархадбек Ирисметов «Каспийдің» спорт директоры қызметіне келді. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

- «Каспий» футбол клубының спорт директоры болып 41 жасар Қазақстандық маман Фархадбек Ирисметов тағайындалды. Өзінің футболшы мансабында Ұлттық құрамада және де Қазақстандық командаларда, соның ішінде «Маңғыстау» командасында өнер көрсеткен, - делінген мәлімдемеде.

Айта кетейік, Фархадбек Ирисметов ойыншы мансабында Қазақстан құрамасының сапында 35 матч өткізген. Еліміздің бірқатар командаларында доп тепкен. Ал кейінгі қызметі - «Тұран» футбол клубында спорт директоры.