«Моленбек» Бельгия Бірінші лигасының он үшінші турында «Ломмель» командасын жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Матч 5:0 есебімен аяқталды.

«РВД Моленбек» сапында өнер көрсететін Қазақстан құрамасының қорғаушысы Ян Вороговский алаңға негізгі құрамда шығып, толық матч өткізді.

Айта кетейік, осы жеңістен кейін «РВД Моленбек» 27 ұпай жинап, турнирлік кестеде бірінші орында тұр.

«Моленбек» — «Ломмель» 5:0 (2:0)

Гол соққандар: Бирон 8 (1:0), Ояма 36 (2:0), Монхонелл 74 авт. (3:0), Ивезич 77 авт. (4:0), Ояма 89 (5:0).