Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) мен британиялық Дензел Бентли (17-1-1, 14 КО) кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші раунд Жәнібек әлем чемпионы атағы кімге тиелісі екенін анық аңғартқысы келді. Алғашқы үшминуттықта жерлесіміз жекпе-жек барысын өз қолына алып, ринг ортасын иемденді.

Қос боксшы екінші раундты белсенді бастады. Әлімханұлы қарсыластың осал тұсын аңдып, дәл соққы бағыттай жүрді. Британ өкілі де аракідік жұдырық жұмсап үлгерген сәттер де болды.

Үшінші және төртінші раунд та Жәнібектің басымдығымен өтті. Бентлиді бұрышқа тақап, төрт-бес соққыдан құралған әдемі комбинация жасады. Қарсылас қорғануымен ғана жүрді.