WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы жақын арада британдық Дензел Бентлиге қарсы жекпе-жекте өзінің алғашқы атағын қорғауға Лас-Вегастағы (Невада, АҚШ) Palms Casino Resort-ке келді, деп хабарлайды Prosports.kz.

29 жастағы қазақстандық боксшы чемпиондық белбеуімен фото және тележурналистердің алдынан өтіп, киім ауыстыратын бөлмеге беттеді.

Бұл эпизодтың видеосын Әлімханұлының ісімен айналысатын Top Rank компаниясы Twitter-де жариялады.