Қазақстандық, 17 жастағы Аружан Сағандықова Түркияның Анталия қаласында ITF World Tennis Tour W15 турнирінің жұптық сында чемпион атанды.

«Қуанышымда шек жоқ, өйткені ересектер арасындағы ITF жарысында алғашқы титулыма қол жеткіздім. Сондықтан, бүгін мен үшін ерекше күн болды. Маған сенім артып қолдаған Қазақстан теннис федерациясына, бапкерім Руслан Мухамедзяновқа алғысымды айтамын», - деді марапаттаудан соң Аружан Сағындықова.