Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының көшбасшысы Кирилл Герасименко Словенияда өтіп жатқан WTT Contender Nova Gorica турнирінің 1/8 финалында жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Ол 2019 жылғы Еуропа чемпионатының қола жүлдегері атанған франциялық Джан Аккузудан жеңіліп қалды.

Матч 2:3 есебімен аяқталды.