Қазақстандық Серік Теміржанов бокстан Аммандағы Азия чемпионатында алғашқы қарсыласын сенімді жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ол 57 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасады. 1/8 финалда Теміржанов түрікменстандық Ихлас Гылычжановпен кездесті. Қазақстандық боксшы қарсыласын төрешілер шешімімен жеңді.

Еске салайық, Серік Теміржанов былтыр Белградта өткен әлем чемпионатында күміс медаль алған, сонымен қатар ол - жастар арасында Азия чемпионы.