Орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша чемпион Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) чемпиондық атағын алғаш рет қорғауға дайындықтың соңғы сатысында, деп хабарлайды Prosports.kz.

Твиттерде 29 жастағы қазақстандық спортшы өзінің тәлімгері Бадди МакГиртпен жаттығуының видеосын жариялады.

Еске салайық, 12 қарашада Жәнібек Әлімханұлы Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) британдық Дензел Бентлимен (17-1-1, 14 КО) жекпе-жекте әлем чемпионы белбеуін тағу құқығын қорғайды.