«Реал» жартылай қорғаушысы Тони Кроос Испания чемпионатының 12-турындағы «Жиронаға» қарсы ойында (1:1) екі сары қағаз алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Осылайша, 32 жастағы неміс кәсіби карьерасында алғаш рет алаңнан қуылды.

Кроос клуб сапындағы ойындарда 84 және Германия құрамасында 7 сары қағаз алған.