30 қазанда Ресей Премьер-лигасының 15-туры аясында «Краснодар» - «Зенит» матчы өтеді, деп жазады Prosports.kz.

«Зенит» сапында өнер көрсететін қазақстандық қорғаушы Нұралы Әліп бұл ойынға негізгі құрамда шығады. Әліп осы маусымда РПЛ-да бірінші рет алаңға алғашқы минуттан бастап шыққалы отыр.

«Зенит»: Кержаков, Караваев, Сантос, Родригао, Әліп, Кузяев, Барриос, Вендел, Клаудиньо, Малком, Сергеев.

Айта кетейік, «Краснодар» - «Зенит» кездесуі Астана уақытымен 22:30-да басталады.