Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Базельде (Швейцария) өтіп жатқан ATP 500 сериясы турнирінің жартылай финалына шыға алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ширек финалда ол канадалық теннисші Феликс Аугер-Алиассимемен ойнады. Кездесу 2-6, 3-6 есебімен аяқталды.

Матч 1 сағат 11 минутқа созылды.