Қазақстандық теннисші Бейбіт Жукаев Брестте (Франция) өтіп жатқан турнирдің екінші айналымдағы кездесуінде франциялық Грегуар Баррерадан жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Матч 2:6, 4:6 есебімен аяқталды.

Айта кетейік, ширек финалда франциялық теннисші Й.Симон (Франция) - М.Арналди (Италия) кездесуінің жеңімпазына қарсы ойнайды.