Жоао Пауло «Қайратпен» келісімшартты ұзартты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.«Қайрат» футбол клубы шабуылшы Жоао Пауломен келісімшарт мерзімін ұзартқанын қуана хабарлайды.Футболшы мен клуб арасындағы жаңа келісім 2023 жылдың соңына дейін жасалған және тағы бір жылға ұзарту мүмкіндігі қарастырылған.34 жастағы шабуылшы «Қайрат» сапына 2021 жылдың жазында қосылды. Содан бері Жоао Алматы клубының сапында 45 матч өткізіп, 13 гол және 12 нәтижелі пастың авторы атанды.