Қостанайлықтардың екі ойыншысы «Таразға» қарсы ойнамайды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сергей Малый ескерту қағазының көптігіне байланысты алаңға шықпайды. Ол «Мақтааралмен» болған кездесуде маусымдағы төртінші сары қағазын алды. Қостанайлықтардың жартылай қорғаушысы Серікжан Мужиков өткен турда алаңнан қуылған еді.

Еске салайық, «Тобыл» – «Тараз» кездесуі 29 қазан күні сағат 17:00-де басталады.