«Ақтөбе» командасының жартылай қорғаушысы Бауыржан Байтана дисквалификацияға байланысты Қазақстан Премьер-Лигасының қалған матчтарына қатыса алмайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Қауіпті өрескел ойында көрсетілген спортқа тән емес мінез-құлық үшін Тәртіптік регламенттің 44-бабының 1-тармағының 3-тармақшасына сәйкес Ақтөбе командасының ойыншысы Байтана Бауыржан екі кездесуге қатысу құқығынан айырылады. Жазалау мерзімі 2022 жылдың 25 қазанынан бастап есептеледі», - делінген Бақылау-тәртіптік комитетінің шешімінде.

«Тұранмен» өткен ойынның 42-минутында Байтана түркістандықтардың қақпашысы Ержан Токотаевқа қарсы дөрекі ойнады.

Айта кетейік, ақтөбелік клубтың ҚПЛ маусымында «Ордабасы» және «Қайратқа» қарсы ойнауға екі кездесуі қалды.